Электронды талап-арыз қолданыста

IMG_0550цон007Елбасы өзінің "Қазақстан – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Қазақстан халқына Жолдауында: "Сот жүйесі іс жүзінде ашық және қолжетімді, қарапайым және барлық дауды тез шеше алатындай болуға тиіс. Барлық құқық қорғау жүйесі жұмысының сапасын арттыру қажет" деп атап көрсетті.
Осыған орай сот жүйесінде бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі бағдарламасына көптеген өзгеріс-тер енгізілуде. Соның ішінде қа-ғазбастылықты қысқарту мақсатында көптеген игі істер атқарылып жатыр. ҚР "Сот кабинеті", электронды  бақылау  өндірісі жобасы іске асырылып, "электрон-ды үкімет" порталы арқылы да халықпен жұмыс ізгіленген. Бұл  қолданыс  жаңадан басталғандықтан қазір ол насихаттық-ағартушылық жұмыстарды қажет етіп отыр.
Бүгінгі күні жеке және заңды тұлғалар, сонымен қатар, олардың өкілдері ҚР Жоғарғы Сотының  ресми  сайтында   орналасқан "Сот кабинеті" сервисіндегі құжат түрлері бойынша сотқа электрондық түрде арыздар жолдай алады. Ол үшін азаматтар электронды қолтаңба алып, "Сот кабинеті" сервисінде тіркелуі қажет. Кейін олар осы сервис арқылы сотқа электронды түрде хаттама көшірмесін беру туралы, сот отырысының хаттамасына ескерту және басқа да жүгінулерін жолдайды.
"Электронды үкімет" – мемлекеттік басқаруды жүзеге асырудың тұжырымдамасы бойынша ҚР "электронды үкімет" порталы ақпараттық-анықтамалық интер-активтік веб-порталы, мұнда мемлекеттік қызметтер электронды түрде беріледі. "Электронды үкімет" порталынан түскен құжаттарды тіркеу ҚР "электронды үкіметі" порталы арқылы берілген электронды талап-арыздарды және басқа да  құжаттарды қабылдау және есепке алу тәртібі туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады. Сотқа электрондық арыздарды беру "электронды үкімет" порталының тиісті  қызметімен қамтамасыз етіледі.
Өзгерістердің тағы бірі – талап-арыз тапсырғанда, талап қоюшыға немесе шағымданушы, арызданушыларға өзінің талап-арызын сот кеңсесіне тапсырған уақытта талон беріледі. Талон беру  арқылы  талап арызды тіркеудің ерекшелігі, азаматтарға ұялы байланыс телефонының абоненттік нөміріне не электронды мекенжайына SMS хабарлама жөнелтіледі. Арыз тіркелген уақытта тіркеудің кіріс нөмірі мен тіркеу уақыты көрсетіліп хабарлама  жолданса,  іс  қозғалысы туралы толық мәліметтерді www.sud.kz  сайтынан алуға болады.
           С.НҰРОВ, 
облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓