Алдын алу шарасы өткізілуде
Қостанай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің аумақтық қылмыстық-атқару инспекциялары "Алтернативник" алдын алу іс-шарасын өткізді. Сотталғандардың қайталап қылмыс, құқық бұзушылық жасауының алдын алу және іздеу-де жүргендердің мекенжайын анықтау мақсатында өткізілген шараға жеке құрамның 156 қызметкері қатысты.Тұрғылықты мекенжайы бойынша 1503 сотталушы тексеріліп, жазасын өтеу уақытында заң бұзушылық жасаған 68 адам анықталды, аудандық және қалалық соттарға жазаны өзгерту туралы құжаттар жіберілді. Іздеу-дегі 10 сотталушының екеуі ұсталды. Есептегілермен әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмысқа жол бермеу туралы алдын алу әңгімелері өткізілді.