Табиғатқа тіл бітірген суреттер

IMG_9222-1Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында "Жыл мезгілі" атты көрме ашылды. Көрменің мақсаты қазақстандық және қостанайлық белгілі суретшілердің пейзаждық кескіндеме жанрындағы шығармашылығымен таныстыру.
Көрмеге қор жиынтығында тұрған 20-дан аса сурет қойылған. Олардың арасынан түрлі жанрда  орындалған ең-бектерді көруге болады. Бірақ барлығының да тақырыбы ортақ. Ол – табиғат. Табиғат әлемі алуан түрлі шексіздігімен, ғажап үйлесімділігімен көз тартады. Әрбір картинадан суретшінің күйін, оның тамаша бояуларын, желдің қозғалысын, өзен толқынын, маңғаз тауларды, ұлан-ғайыр кең даланы  қас-қағым сәтте бейнелеуге ұмтылғандығы сезіледі. Суретшілер табиғат көрінісін салу арқылы өзінің көңіл-күйін білдіреді, табиғаттың әсемдігін айнытпай көшіре білген. Көрермендерді қоршаған әлемнің сұлулығымен, аспан мен жер үйлесімділігімен тәнті етеді.
Экспозиция алтын күз пейзаждарынан басталып, бұдан әрі қыс, көктем және жаз болып, жылдың әр мезгілімен жалғасын табады. Бұл жай ғана табиғат мезгілдерінің ауысуы емес, бұл – өмір ағысы. Әрбір суретші жыл мезгілдерін уақыт лебі мен өз шығармашылығының ерекшелігіне қарай бейнелейді. Көрме қараша айына дейін жұмыс істейді. Табиғат бейнелерін тамашалаймын дегендерге мұражай есігі ашық.
Айтолқын
    АЙҚАДАМОВА
СУРЕТТЕ: көрмеде.
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓