Мақсат айқын, мүдде ортақ

Қостанайда облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен семинар-тренинг өтті. Тақырып – "Рухани жаңғыру – қазақстандық қоғамның бірігуі мен дамуының негізі". Мұнда еліміздің әр жерінен түрлі сала ғалымдары қазақстандық қоғамның қарқыны мен болашағын талқылады.IMG_2543
IMG_2556Семинарды облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев ашты. Ол өз сөзінде Қазақстан биылғы жылды оң өзгерістермен қарсы алғанын атап өтті:
-Біз биыл тарихи шешімдердің куәсі болдық. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев аз ғана уақыт ішінде Қазақстанның саяси, экономикалық һәм рухани бағыт-бағдарын айқындап берді. Бұның бәрі кейін өзара қабысып, ел игілігі үшін қызмет етпек. Біз тек осылай ғана «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асырып, дамыған 30 елдің қатарына ене аламыз,-деді ол.
IMG_2538
IMG_2540Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті заманауи зерттеу институтының директоры, философия ғылымының докторы, саясат докторы Мұхит-Ардагер Сыдықназаровтың айтуынша: "Мемлекет басшысының әр сөзінде нақты, халықтың көңіліне қонымды дүниелер бар. Оның бәрі азаматтардың жүрегіндегі көптеген сұрақтарға жауап береді, болашаққа деген күдігін сейілтеді", дейді ғалым.IMG_2531
IMG_2551
IMG_2557Пікірталас семинардың екінші бөлігінде қыза түсті. Мұнда қонақтар әр сұрақты сала бойынша жеке аудиторияларда талқылады. Ғалымдардың ойы бір арнаға тоғысты. Өйткені мақсат – айқын, мүдде – ортақ. Мемлекеттің көздегені – біртұтас ұлт болып қалу.IMG_2534
 
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ. 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓