Баталы құл арымас
Жасасаң қайыр, қарыз деп айтпа жарқыным,
Қарыз ғып берсең қажетте емес алтының
(М. Мақатаев)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 4 бағытының бірі – қайымдырылық жасау. Міне, осы бағытта Қостанай облысы өкілдігінің жұмысы барынша жандана түсуде.
Әрине, бұл игілікті іс те өңірдегі жанашыр демеушілердің қолдауымен жүзеге асырылуда. Ал жақсылыққа жаны құштар жандар «Оң қолың берген садақаны сол қолың көрмесін» қағидасын ұстанып, өздерін жарияға жар салғанды қаламайды. Өйткені, олар қайырымдылықтарын бір Алланың ризашылығы үшін жасайды және оны міндетсіп, мақтанбайды.
Осындай демеушілердің арқасында тағы да 50 отбасына азық-түлік үлестірілді. Бұл көмек түрлі топтағы мүгедектер, көп балалы отбасылар мен күнкөрісі төмен жандарға көрсетілді.
Жалпы, қамқорлыққа мұқтаж кісілерге қол ұшын созып, көмек көрсету – үлкен сауап. Ол туралы қасиетті Құранның «Ниса» сүресінің 127 аятында: «Қайырдан не істесеңдер де, сөзсіз Алла оны күдіксіз біледі», – делінген.
Облыстық мешіттің найб имамы Бақытжан Икрам келушілерге Ислам діні, қайырымдылық турасында уағыз айтты.
Қамқорлықты айқын сезінген жерлестеріміз бұл тағылымды шараны ұйымдастырған мешіт қызметкерлеріне шексіз риза.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі