Сатира саңлағына тағзым
"Күле білу – өмір, күлдіре білу – өнер, күлкі болу – өлім". Бұл – қабырғалы қаламгер, әйгілі сықақшы, даңқты жерлесіміз Сейіт Кенжеахметовтің ділмар сөздерінің бірі. Сатираның соқасын сүйреп өткен сардар тұлғаның есімі әзілсүйер қауымның барлығына таныс. Ел оны сатирик деп қана емес, этнограф, жазушы, аудармашы, ұстаз ретінде біледі…
Сейіт Кенжеахметов 1939 жылы Қостанай облысы Жангелдин ауданының Қызбел ауылында Сарықопа қонысында дүниеге келген. ҚазМУ-дің журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын "Жаңа өмір" газетінің бөлім меңгерушілігінен бастаған. Қостанай, Торғай облыстық газеттерінде көп жыл еңбек етті. Қазақстан Жазушылар одағының облыстағы кеңесшісі, облыстық "Қазақ тілі" қоғамының төрағасы лауазымдарын атқарған. Ы.Алтынсарин атындағы АрқМПИ-де доцент, кафедра меңгерушісі болып, қазақ әдебиеті тарихынан дәріс оқыды. 2003 жылы Л.Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы "Отырар кітапханасы" ғылыми-зерттеру орталығында жетекші ғылыми қызметкер болды.
Ал әдебиеттің "жауынгер жанрына" алғашқы қадамы сықақ өлеңдер мен мысалдар жазудан басталды. Тырнақалды туындылары 1957 жылдан бастап қазіргі "Жас алаш", "Егемен Қазақстан", "Қазақ әдебиеті" газеттеріне, "ара", "Мәдениет және тұрмыс" ("Парасат") және "Қазақстан әйелдері" журналдарында жарияланды. Кейін әзіл әңгімелер және шағын интермедиялар жазды. Шеберлігі аңғарылып, оның қаламынан шыққан интермедиялар "Тамаша" ойын-сауық отауында 30 жыл бойы үздіксіз қойылып келді. Оның "Кәрі шеңгел", "Қуырдақ", "Киіз қазық", "Сөз семсер", "Ел құлағы елу", "Мірдің оғы", "Аттеріс" сықақ өлеңдер жинақтары және "Айтпады демеңіз", "Тышқантірлік", "Күлкіден айырмасын" әзіл әңгімелер кітаптары бар. Автордың езу тарттыра отырып ойландыратын мәнді-мәнерлі сықақтары әлі күн ел жадында жүр.
Сейіт ағамыздың энографияға сіңірген еңбегі – өз алдына жеке әлемдей. Қазақ ұлтының мәдениетін, салт-санасын түгендеуге өлшеусіз үлес қосты. Ол сонау 1992 жылы этнографиялық-танымдық ізденістері үшін "Ана тілінің саңлағы" құрметті атағын иеленген. 4 кітаптан тұратын "Жеті қазына" атты ғылыми еңбегі үшін Қостанай облысы меценаттарының "Қазына" сыйлығын алды. Мұның сыртында "Қазақ халқының салт-дәстүрлері", "Қазақтың дархан дастарханы" атты көлемді энциклопедиялық еңбектері қазақ, орыс, ағылшын, қытай, түрік, әзірбайжан тілдерінде басылып шықты. Осылар және ""Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті" еңбегі әлемнің 30-дан астам мемлекетіне тарады.
Аудармашы ретінде Ә.Несин, И.Крылов, С.Олейник, С.Михалков сынды көптеген шетелдік авторлардың шығармаларын қазақша сөйлетті.
Осынау сатирик-жазушы, этнограф-ғалым, бір сөзбен бесаспап тұлғаның шығармашылық мұрасын насихат ету мақсатында бірер жыл бұрын ақжолтай жоба қолға алынған-ды. Атап айтқанда, Сейіт Кенжеахметов атындағы "Мірдің оғы" республикалық әзіл-сықақ театрларының фестивалі шымылдырық түрген болатын. Аталмыш фестиваль биыл 27-28 сәуірде жалғасын тапқалы отыр. Мәдени, рухани іс-шараға елдің әр түкпірінен түрлі ұжым әзіл-қалжыңын арқалай келіп, Сейіттің жерлестеріне ұмытылмас кеш сыйламақ.