Тарихын білгің келсе, QR-кодтан қара 

Қостанай қаласындағы көрнекті орындарға QR-кодтар орнатыла бастады. QR-кодтың көмегімен тарихи нысандар, ескерткіштер туралы үш тілде мәлімет алуға болады.  IMG_2889Жуырда қаладағы барлық ескеркіштерге дәл осындай QR-кодтар орнатылады. Жаңа жобаның кереметін көрмейсіз бе. Ұялы телефонды пайдаланып, код арқылы нысанның тарихын біле аласыз. 
Бұл идеяның авторы – «Жас атамекен» клубындағы «Креативщики» бастамашыл тобы. Аталған жоба биылғы маусым айында облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған әлеуметтік идеялар мен жобалардың жәрмеңкесінде жеңіске жеткен еді. Сол жәрмеңкеде «НұрБанк» АҚ-ның Қостанай қаласындағы филиалы жастардың ерекше идеясына қаржылай қолдау білдірді. Бүгінде жеңімпаз жобаның жүзеге аса бастағанына куә болып отырмыз. IMG_2897-Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын оқығаннан кейін, сөзден іске көшейік деген шешімге келдік. Осылайша, туған өлкеміздің тарихына қатысты деректерді жинақтау туралы идея пайда болды. Мәліметтер үш тілде жазылған. Бұл жоба қала тұрғындары мен қонақтарына өздері қалаған ескерткіштің тарихын оқуына жол ашады. Біз мемлекеттік бағдарламаларды қолдай отырып, жас кәсіпкерлердің бастамаларына жол ашамыз,-деді «Жас атамекен» клубының президенті Зарина Көкжанова. IMG_2895
 
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓