Клуб іргесі кеңейіп келеді
Қостанайда мемлекеттік тілді үйретуді көздейтін ерекше жоба – "СөйлеTime" клубы қарқынды жұмыс істеуде. «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы клуб ашылғалы бері облыс орталығындағы 5 мәдениет нысанында кездесу өткізген.

Ішкі саясат, Мәдениет және Тілдерді дамыту басқармаларының ортақ жобасы талапкерлерге қазақ тілін үйретудің тартымды, танымдық әрі еркін форматын ұсынады. 
"Клубтың тұсаукесер кездесуі Ы.Алтынсарин атындағы облыстық мемориалдық музейде өтті. Одан кейін І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрында, облыстық қуыршақ театрында, "Тілдарын" орталығында және Н.Островский атындағы кітапханада жалғасты. Клуб қызметінің қанат жаюына біздің қызметкерлермен қоса, мәдениет саласының мамандары белсенді ат салысуда", – дейді Қостанай облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Бахытгүл Сулейменова.




Тағы бір айта кетерлігі, "СөйлеTime" клубы 28 сәуірде Рудный қаласында да ашылады.