Тәртіп сақшыларын тексереді
Мобильді топтар қызмет атқару кезінде жеке құрамды тексеретін болады. Қостанай облысын Полиция департаментінде мобильдік топ құрылды, олар күн сайын тәртіп сақшылардың жұмысын тексеруге шығады. Күн сайын коменданттық полицей патрульдік полиция бекеттерін қызметтік және көлік тәртібін сақтау тұрғысынан тексереді.
Қостанай облысы ПД бастығынң орынбасары полиция полковнигі Ардақ Ынтықбаев мобильдік топтың жұмысы туралы айтып өтті.
– Полиция қызметкері заңдарды сақтауда ғана емес, сондай-ақ, сыртқы келбетін ретке келтіріп, мінез-құлқын жақсы жағынан көрсете білуі керек, — деді А.Ынтықбаев. Белгіленген талаптар бойынша тәртіп сақшылары маскалық режимді сақтауға, өзімен бірге қызметтік куәлігі мен жетоны болуға тиіс. Патрульде өзімен бірге қызметке шыққан кезде жарамдылығы тексерілген бейнетіркегіші болуы тиіс. Сондай-ақ, полицейлер заңнаманы білуге, дене шынықтыру және жауынгерлік дайындық дағдыларын меңгеруге тексеріледі.
Барлық аумақтық полиция органдары тұрақты тексерулерден өтеді.
Жұмыс барысында полиция қызметкері:
– құқық бұзушылықтың алдын алу, заңдылықты бұзуды және азаматтардың, соның ішінде ұсталғандар мен қамауға алынғандардың құқықтарына қысым жасауды болдырмайтын, айналасындағыларға әділ және түсінікті іс-әрекеттерді жүзеге асыру;
– сыбайлас жемқорлыққа адал, бейтарап, батыл қарсы әрекет ету;
– азаматтардың жеке өмірге қол сұғылмаушылық туралы конституциялық құқықтарын сақтау;
– азаматтармен, әсіресе балалармен, әйелдермен, мүмкіндігі шектеулі адамдармен және қарт адамдармен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға, олардың өтініштері мен арыздарына шынайы және объективті қарауға, қажетті көмек көрсетуге, оның ішінде алғашқы медициналық көмек көрсетуге;
– өз ескертулері мен талаптарын ұстамдылық пен өзін-өзі ұстай отырып, дұрыс және сенімді түрде баяндау;
– даулы жағдайларды шеше білу.