АБАТТАНДЫРУ КҮЗГЕ ҚАЛДЫРЫЛМАҚ

Қостанай облысы әкімдігінде облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің төрағалық етуімен «Еріктілер жылының» жүзеге асырылу барысы туралы селекторлық кеңес өтті. Бағдарлама жөнінде облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Марат Жұрқабаев баяндады.a7cbb680-939c-4988-9700-22a4c6656f68
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Қостанай қаласында өткен Қазақстан-Ресей жастар форумы аясында 2020 жылды Еріктілер жылы деп жариялағаны ел есінде. Осы бағытта арнайы жоспар құрылып, еріктілік 7 бағытта жүргізіле бастады. Қостанай облысы «Таза әлем» бағытына ерекше көңіл бөлді.  
«Жоғарыда аталған бағыттардың ішінде Қостанай облысы өзінің еріктілік қызметіне "Таза әлем" бағытына сай жұмыс жүргізеді. Бұл бағыт қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазалау, ағаштар отырғызу, қоқысты сұрыптауға үйретуге бағытталған», – деді Марат Жұрқабаев.
Қостанай облысында шамамен 80 еріктілік ұйым жұмыс істейді, олар 15 мың адамды біріктірді. Сондай-ақ, 2019 жылы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен білім және ғылым министрлігі студенттерді әлеуметтік және қоғамдық-пайдалы қызметке кеңінен тартуға бағытталған «Әлеуметтік студенттік кредиті» жобасын жүзеге асыру аясында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
ЖОО студенттеріне әлеуметтік студенттік кредиттің мынадай түрлеріне квота беріледі: 1) 20 сағат қызметі үшін 20 000 теңге кредит; 2) 50 сағат қызметі үшін 50 000 теңге кредит.
2019 жылдың қорытындысы бойынша, Қостанай облысы жастардың әлеуметтік-қоғамдық қызметке тартылуының үздік нәтижесін көрсетті. Республика бойынша бөлінген квотаның 377 студенті Қостанай облысынан жобаға қатысушылардың саны 146 адамға жетті.
«2020 жылы Қостанай облысына 638 квота бөлінді. «Qazvolunteer.kz» сайтында 490 студент пен 35 ұйым-алаңы тіркелген», –деп толықтырды спикер.
Еріктілер жылы аясында өңірде жыл басынан бері 180 іс-шара өткізілді, оған 6 мыңнан астам адам қатысты. Іс-шаралар жалғыз тұратын қарт адамдарға тұрмыстық көмек көрсетуге, тұрғын үй алаптарының аумағын қардан тазартуға, «BIZ BIRGEMIZ» республикалық акциясы аясында мұқтаж жандарға азық-түлік жеткізуге бағытталған. Акция аясында медицина мекемелерінің қызметкерлеріне коронавирус инфекциясының алдын алу жағдайында үйде қалуға мәжбүр болған қарт адамдарға дәрі-дәрмек және жеке гигиена құралдарын жеткізуге көмек көрсетіледі.
«Жалпы акцияға бүгінде 270-тен астам ерікті қатысты. Осылайша, 1155 қарт адамға дәрі-дәрмектерді жеткізуге көмек көрсетілді», – деді Марат Жұрқабаев.
Өз кезегінде облыс әкімі Архимед Мұхамбетов төтенше жағдай кезінде жұмысқа қатысатын еріктілердің қорғалуының маңыздылығын атап өтті.
«Жастарды барлық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету қажет, еріктілерді толық жабдықтау керек», – деді өңір басшысы.
Сондай-ақ, облыс әкімі кезекті рет елді мекендерді көгалдандыруға бағытталған барлық жұмыстар осы жылдың күзіне уақытша ауыстырылғанын, ал төтенше жағдай кезінде елді мекендерді қоқыстан тазарту бойынша барлық жұмыстарды коммуналдық кәсіпорындар есебінен жүргізу қажеттігін хабарлады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓