Мүгедектерді жұмыспен қамту маңызды мәселе

Таран ауданында да мүмкін-дігі шектеулі жандардың жұмыс-қа орналасуына ерекше ден қойылған. Аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Азамат Сағитовтың мәлімдеуінше, бүгінде аудандағы жалпы мүгедектердің ішінде 107-і жұ-мыспен қамтылған көрінеді. Ал, аталған бағдарлама шеңберінде биыл төрт мүмкіндігі шектеулі жан жұмыспен қамтылыпты.
– Жасыратыны жоқ, көп жағдайда жұмыс берушілер мұндай жандарды еңбекке тартуға құлықсыз. Өйткені, олар тағдырдың тәлкегіне түскен жандардың іскер, өз ісіне берілген, жауапты жандар болып келетіндігін де біле бермейді. Сондықтан, жұмыс берушілер де ондай жандардың басты мақсаты – тек табыс тауып, күнін көру емес, олар үшін ең маңыздысы қоғаммен байланысын үзбей, көпшілік секілді еңбек ету екендігін түсінсе екен дейміз. Жоғарыда аты атал-ған бағдарлама аясында қазір мүгедек жандарды да жұмысқа орналастыру қолға алынып, нәтижесінде қаншама адам еңбекпен қамтылуда. Бүгінде бағдарлама аясында мүмкіндігі шектеулі жандарды жүргізуші, сатушы, қосалқы шаруашылық сияқты әлеуметтік жұмыстармен қамтып жатырмыз, – дейді А.Сағитов.
Қарлығаш ОСПАНОВА