І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрында жаңа спектакль қойылады
І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының репертуары жаңа спектакльмен толықпақ. Труппа драматург О.Степнованың «Періштелер әзілі» атты романтикалық комедиясын сахналау үстінде. Қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Оразалы Ақжарқын-Сәрсенбек.
«Спектакльдің негізгі өзегі – махаббат, сондықтан да жас көрермендерге бағытталған. Сюжеті де қызықты. Енді үйленгелі тұрған екі жастың ортасына періштелер түседі. Оқиғаның қалай өрбитінін сахнадан көргендеріңіз абзал, – дейді режиссер.
Комедияның премьерасы 12 және 14 ақпан күндері өтеді.
Айтолқын АЙҚАДАМОВА