ЖҮРГІЗУШІ болып жұмысқа ОРНАЛАСТЫ

IMG_7064Бағдарламаның арқасында екі қолға бір күрек тапқандардың бірі Юрий Соколов. Ол бұған дейін "Варваринка" кәсіпорнында еңбек еткен көрінеді. Кейін денсаулығына байланысты жұмысын тастауға тура келген. Бірақ, үшінші топтағы мүгедек жанның өзіне лайықты жұмыс табуы да оңайға соқпапты. Енді, міне, бағдарламаның арқасында ол екі қолға бір күрек тауып, үстіміздегі жылдың сәуір айынан бастап аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жүргізуші болып еңбек етуде.
– Мен осы бағдарламаның арқасында жұмыс тапқаныма өте қуаныштымын. Өйткені, қазір біз сияқты мүгедек жандар тұрмақ, сау адамның да жұмысқа орналасуы оңай емес. Сондықтан, мен сияқты жандарға қолдау болған бағдарламаның шарапатынан басқа жандар да құр қалмай, үкімет тарапынан көрсетіліп жатқан мүмкіндікті пайдаланса екен деймін.Қызым балабақшада, ұлым аудандық сотта, жұбайым мектепте жұмыс істейді. Құдайға шүкір, үшінші топтағы мүгедек болсам да, аяқ-қолым сау ғой, сондықтан қол қусырып босқа үйде отырғанша жұмыс істейін деп шештім. Біраз мекемені шарлап шықтым, таба алмадым. Кейін жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыс табуға болатындығын естіген соң, осында келдім. Жұмыссыз ретінде тіркеуге алынып, көп кешікпей осы жұмысқа орналастым. Қырық мыңның үстінде жалақы аламын, әйтеуір екі немеремді жарылқауға жетеді ғой,  – дейді үшінші топтағы мүгедек Юрий Соколов.
Қарлығаш ОСПАНОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓