584-ші баспана
Өткен айда Қостанай ауданының Жамбыл ауылында Мадина Ерланқызының жоғалып кеткенінен ел құлағдар. Өкінішке қарай, бүлдіршіннің ғұмыры тым қысқа болды. Бұл жайт барша қазақстандыққа өте ауыр тиді.«Көп түкірсе – көл» демекші, кішкентай Мадинаның тағдырына бей-жай қарамаған жүрегі жомарт аймақ жұртшылығы отбасының баспаналы болуына атсалысып, 5 млн теңге қаражат жинады. Ал облыста қайырымдылық істерімен танымал «Олжа-Агро» серіктестігі ұжымы Мадинаның артында қалған жанұясына 10 млн теңге қаржы бөлді. Облыстық мешіттің баспасөз қызметі осындай ақжолтай хабар таратып отыр.«Осы жинаған қаражатқа елімізде «Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша 584-ші баспана сатып алынып, марқұм жасөспірімнің анасына үйдің кілті тапсырылды. Бұл игі шараға Бахытбек қажы Тәжімбет басқаратын өңірдегі бүкіл мешіт имамдары мен қызметкерлері жанашырлық пен ұйымшылдық танытқанын ерекше атап өту керек», – делінген хабарламада.
Қ.ҚИЫСХАН