Алты шенеунік жауапкершілікке тартылды

Қостанай облысында жолдарды күтіп ұстамаған алты лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.
Облыстық ПД жергілікті полиция қызметінің жол-техникалық инспекциясы қызметкерлері автокөлік жолдарының иелерімен бірлесіп, 12-15 сәуір аралығында төрт мың шақырымнан астам, жалпы пайдаланымдағы 138 автокөлік жолдарына жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Тексеру кезінде жол төсемдерінің 1210 ақауы, оның ішінде құдық люктерінің 103 ақауы және 2 мыңнан астам жол қозғалысын реттеуге арналған техникалық құралдардың олқылығы анықталды.
Жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдар мен және автокөлік жолдарының иелеріне кемшіліктердң жоюға 138 ұйғарым берілді. Жолдарды күтіп ұстамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 631-бабының 1-бөлігі бойынша алты лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жол қозғалысы қауіпсіздігі және инфрақұрылымын жақсарту мақсатында жергілікті атқарушы органдарға жол қозғалысын ұйымдастыруды жақсарту үшін 25 ақпараттық хат жолданды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓