Оқушылар қолынан шыққан эко-сөмкелер

Ұзақ уақыттан бері адамзат үшін полиэтилен пакеттерін күнделікті өмірде пайдалану дәстүрге айналған, бірақ ғалымдар бұл бүкіл планетаға тұтастай алғанда үлкен зиян келтіретінін дәлелдеді.
Бұл мәселенің шешімі – полиэтилен пакеттерінен бас тарту және экологиялық пакеттерді қолдану. Эко сөмке – бұл табиғи матадан жасалған практикалық, берік жәнеэ кологиялық таза сөмке. Полиэтилен пакеттері сияқты экологиялық пакеттерді де азық-түлікпен тұрмыстық заттарға пайдалануға болады. Эко-пакеттерді пайдалану барлық экологиялық, әлеуметтік және қаржылық шығындарды төмендететінін ескеру керек, өйткені бір сөмке адамға кем дегенде екі жыл қызмет ете алады. Сонымен қатар, әр эко-сөмке әр қолданған сайын 4 полиэтилен пакетін алмастыра алады.
Біздің әрқайсымыз өз ғаламшарымызға және оның экожүйелеріне қарыздар екенімізді еске салуға арналған Халықаралық Жер күні қарсаңында Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі «Ғаламшарды құтқару үшін экологиялық пакеттер» акциясын «Қостанай Плаза» сауда-ойын-сауық орталығында өткізді.
Тура бір ай бұрын мұғалімдермен бірлесіп біздің оқушылардың ата-аналары эко-сөмкелерді берілген жобамен тігуді бастады. Ата-аналар мектепке арналған бұл әлеуметтік маңызы бар жобаға үлкен қуанышпен қатысып, 100-ден астам сөмке тікті.
Қамқоршылар кеңесінің мүшесі болып табылатын «БК-Строй» ЖШС ірі құрылыс компаниясы экопакеттерге материалдар сатып алудың бас демеушісі болды.
-Дүкенге келген клиенттердің көпшілігі тауарларын біз сыйға тартқан сөмкелерге салып қуанды. Салауатты өмір салтын ұстану және қоршаған ортаға қамқорлық ету танымал тенденцияға айналды және біз бұған өте қуаныштымыз. Дүниежүзінде болып жатқан үрдістер – азық-түлікті сөмкеге салып жүрудің ескі тәсіліне оралу. Экологиялық таза шикізаттан жасалған жоғары сапалы сөмкелер ұзақ уақыт бойы және табиғатқа зиянсыз қызмет етеді, – деді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мәслихат Замирбекқызы.
Әр адамның қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесі нақты. Ия, сіз пластикті толығымен жоя алмайсыз, бірақ ұзақ уақыт пайдалануға болатын сөмкені қолдануға кірісу – бұл проблеманы шешудің алғашқы және маңызды қадамы.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓