Кешенді науқанның келелі жемісі

Бүгін Архимед Мұхамбетов қалалар мен аудандардың әкімдерімен селекторлық кеңес өткізді. Онда Қостанай облысында "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру қорытындылары мен жоспарлары талқыланды. Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының орынбасары Абылай-хан Кәкеновтің айтуынша, өткен жылы 7,7 млрд теңге сомасына 1611 іс-шара өткізілген.-2020 жылы бағдарламаның 3 бағыты бойынша жүйелі жұмыс атқарылды. Осылайша, "Туған жер" арнайы жобасы аясында меценаттармен, туған жер тумаларымен және азаматтық қоғаммен кешенді өзара іс-қимыл ұйымдастырылады, – деп баяндады А.Кәкенов.
Осылайша, 300-ден астам меценаттың қатысуымен 14 мектеп жөнделген, 21 балалар және спорт алаңы салынып, 4 робот құрастыру кабинеті ашылған, 9 мұқтаж отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіліп, облыстың әлеуметтік мекемелерін 402 млн теңгеден астам сомаға материалдық-техникалық құралдармен жарақтандыру жүргізіліпті.
2021 жылы осы арнайы жобаларды жүзеге асыру жұмыстары жалғасады. Бүгінгі таңда "Көркейе бер, Қостанай" жобасы аясында жоспарланған 160 іс-шараның 26-сы аяқталды. 24 -і іске асырылу үстінде, 110 жоба жоспарлау сатысында тұр.
Кеңес қорытындысында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қалалар мен аудандар әкімдіктеріне іс-шараларды сапалы әрі мазмұнды өткізуді тапсырды. Сондай-ақ, "Рахмет саған, Туған ел!» бағдарламасы бойынша жұмысты күшейтуді жүктеді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓