Қарулар қаражатқа айырбасталды
Қостанай облысында тіркелмеген қару-жарақтарды тапсыру акциясы аяқталды. Бұл шара 15 сәуірде басталған болатын.
Осы күнге дейін құқыққорғау органдары 162 адамды қабылдаған. Олар 193 түрлі ату қаруын және 838 оқдәрі өткізді. Бұл акцияны жүзеге асыруға республикалық қазынадан 9,3 млн. теңге бөлінген еді. Қазіргі кезде тұрғындарға 2,3 млн. теңге төленді, алдағы уақытта да қару тапсырғандардың шотына тиесілі қаржы аударылатын болады.