Мектептен оралмаған
21 сәуірде Тобыл қаласында 11 жастағы Николай Кобец жоғалып кетті. Бұл туралы Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.
Баланың туыстарының айтуынша, ол үйден мектепке кеттім деп шыққан, бірақ онда бармапты.
"03.12.2009 жылы туған Кобец Николай Юрьевич сағат 13.30-да қаладағы Школьный көшесіндегі 55-үйден мектепке баруға шығып, осы уақытқа дейін оралмады", – деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Белгілері: түр-әлпеті – еуропалық, бойы – 130 см, қоңыр көзді, шашы ақшыл сары түсті, орташа дене бітімді. Үстіне көк түсті костюм, аяңына қара туфли киіп, көк рюкзак асынған.
Николай туралы қандай да бір ақпараты бар жандардан 8-707-197-18-48 немесе 102 нөмірлеріне қоңырау шалу сұралады.