Міндет – жемқорлықтың алдын алу
Жақында облыстық төтенше жағдайлар департаментінде "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуы және парақорлықтың алдын алу" тақырыбы бойынша семинар-кеңес өтті. Оған төтенше жағдайлар органдарының ардагерлер кеңесі, облыстық ІІД, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті, "Нұр Отан" партиясы ҚОФ өкілдері қатысты.
Семинарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуы бойынша теориялық білімді жүйелеу, бекіту және талқылау мәселелері көтерілді. Облыстық төтенше жағдайлар органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы, заңдылықтың жай-күйі және тәртібін күшейту жөнінде алдын алуға арналған жұмыстар туралы кадр жұмысы бөлімінің, психологтар, департаменттің қала және аудандық бөлім және басқарма бастықтары мен тәрбие жұмысы бойынша бастығы орынбасарының баяндамалары тыңдалды.