Бір аптада 5 рет өртке оранған
Қоқыстар мен шөп қалдықтарын өртеудегі жауапсыздық салдарынан, сонымен қатар ауар райының құрғақ және желді болуынан, Қостанай саяжай аумағында ағымдағы жылдың 18-нен 24-ші сәуірі аралығында жақын орналасқан құрылыстарға оттың таралуы қаупі төнуімен 5 рет өрт шыққан.
Осы күндері Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тұрғындарға өрт қауіпсіздік тәртібін сақтау туралы ескертулер жасап, саяжай және бақшаларға күнделікті рейдтерді жүргізеді. Саяжайшыларға от жағу барысында өртті сөндіру үшін артық судың болуы туралы, құрғақ жапырақ және былтырдан қалған шөптерді өртеуге тосқауылдың қойылғандығы туралы, ауладығы тез жанатын қалдықтар мен қоқыстарды тазарту бойынша нұсқау беру ескертпелерін үлестіреді. Тұрғындарға егер өрт қауіпсіздік тәртібін орындамаған жағдайда үш МРП көлеміндегі әкімшілік айыппұл салынатындығын ескертеді.
Қоқысты қоқыс үйіндісіне шығарып төгу абзалырақ. Осы өрт қауіптілігі кезеңінде саяжай қоғамының басқармасымен қоқысты жинайтын орын және оны уақытылы шығаруды ұйымдастыру бойынша жұмыстарды реттеу қажет. Саяжай кезеңі өрт сөндірушілер үшін жұмыстың қызған шағы. Сондықтан саяжай қоғамы бойынша профилактикалық рейдтерді құтқарушылар тұрақты жүргізетін болады.
Қостанай облысының ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы