Оқу-жаттығу жиындарына аттанды

Қостанай облысындағы әскери міндеттілер, запастағы жауынгерлердің алғашқы легі  Қарағанды облысында өтетін оқу-жаттығу жиындарына аттанды. Бұрын әскери борышын өтеп келіп, есепте тұрған әскери міндеттілер 30 күн бойы дайындықтарын шыңдайды.
Аскер сайтка
Олар Қарағанды облысы Спасск қаласындағы әскери полигонда физикалық мүмкіндіктерін жетілдіріп, қару-жарақ пен әскери техникалардың жаңа түрлерін меңгеруді үйренеді. Мұндай оқу-жаттығу жиындары республика бойынша соңғы рет 2014 жылы өткен еді. Араға төрт жыл салып, биыл қайтадан ұйымдастырылуда.
-Әскери міндеттілердің әрқайсысы әртүрлі салада жұмыс істейді. Бір айлық оқу-жаттығу жұмыстарына оларды әскери бөлімшелерден арнайы шақырттық. Бұл азаматтардың өздерінің қызметтеріне ешқандай кедергі келтірмейді. Олар оқу-жаттығуда жүрген кездерінде айлық жалақылары мен жұмыс орындары сақталады. Мұның бәрі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңымен белгіленген,-деді Қостанай облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті жұмылдыруды жоспарлау бөлімінің бастығы Ерлан Тортаев.
Қостанай облысында тұратын 35 жасқа дейінгі әскери міндеттілердің алғашқы легі – жиырмаға жуық запастағы сержант, солдат 3-қыркүйекте Қарағандыға аттанды. Екінші кезеңде шамамен, 20 шақты запастағы офицер 9 қыркүйекте Алматы қаласындағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтына жіберіледі. Қазан айында запастағы офицерлерің соңғы командасы Алматыдағы Құрлық әскерлерінің әскери институтына барады. Қазір запастағы жауынгерлер үшін дайындық кезеңі жүріп жатыр. Олар медициналық тексерістен өтіп, басқа да құжаттарын дайындау үстінде.
Осы категорияға жататын азаматтардың ішінде үш және одан да көп баласы барлар, ауылдық жерлерде білім беру саласында қызмет ететіндер, күндізгі оқу бөлімінде білім алатындар және астық жинау науқанында ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жатқан жұмысшылар заң бойынша оқу-жаттығу жиындарынан босатылады. 
Сурет газеттің жеке мұрағатынан алынды. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓