Жаңа деңгейге шықты

Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау жаңа деңгейге шықты. Бұған қатысты өткен жылы жеті бастама қабылданған болатын. Оның ішінде үкіметтік емес ұйымдардың негізінде омбудсмен институты мен бірыңғай ақпараттық жүйе сияқты өзгешеліктер бар. Бұған қоса ведомствоаралық кеңес құрылды. Нәтижесінде тұтынушылардың арыз-шағымдары үкіметтік деңгейде қаралуда.
2019 жылдың соңында құрылған тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті еліміздің сауда және интеграция министрлігінің құрамына кіреді. Бұл кеңестің құрылуы тұтынушылардың құқығын қорғауды жаңа деңгейге шығарды. Оның үстіне көрсетілетін қызметтер мен сатылатын тауарлардың сапасы мамандардың назарында. Егер де тұтынушы қандай да бір келеңсіз жағдайға тап болса, тиісті сала өкілдеріне өтініш жіберсе болғаны.
Бүгінгі таңда өңірімізде тұтынушылардың шағымдары бойынша орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты 2 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Нәтижелері бойынша еліміздің әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 190-бабының 5 бөлігіне сәйкес ескерту түрінде әкімшілік жаза қолданылды.
Жалпы еліміз бойынша өткен жылы жауапты органдарға тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасына қатысты 10 мыңға жуық арыз келіп түскен. Осы күнге дейін 80%-ға жуық тұтынушы құқығы қорғалыпты.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓