Бағдарлама берекетті
"Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасын жүзеге асыру қолға алынғалы Лисаков қаласында, жалпы алғанда, 606,5 млн. теңгенің 81 жобасы жүзеге асқан. Сол арқылы 129 жаңа жұмыс орны ашылған. Қаланың кәсіпкерлері шағын несиелендіруге белсенді жүгінуде. Бүгіндері "Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры" АҚ-на 33 млн. теңгені құрайтын 9 өтінім жолданған. Осы жылы 8 кәсіпкерлің 177 млн. теңгеге татитын жобасы мақұлданған. 28,5 мнт. теңгенің тағы 3 жобасы мақұлдауды тосып отыр.
Ж. Жүсіпбек