Баға бақылауда ұсталады
Қостанай дүкендеріндегі азық-түлік бағасы тұрақты. Мәселен, «Norma» супермаркетінде жуа мен картоптың бір келісі 69 теңгеден, сәбіз 79 теңгеден, жұмыртқа 220 теңгеден сатылып жатыр.Қант 198 теңге, ал 600 граммдық бөлке 51 теңге тұрады. Дүкен сөрелеріндегі құс, мал етінің де бағасы қолжетімді. Супермаркетте 1 келі ұн 55 теңгеден тұр.





-Әрине, бұрынғымен салыстырғанда азық-түліктің кейбір түрлері сәл қымбаттағаны байқалады. Онсыз болмайды енді, өйткені, электр жарығы, амортизация қымбаттады. Жалпы, бағаны әлсін-әлсін көтере беруге еш негіз жоқ. Қазір тұрақтандыру қорында жалпы құны 287 млн.теңгеге сатып алынған 1000 тонна картоп, 50 тонна сәбіз, 200 тонна сұйық май, 100 тонна сиыр еті және 4 млн.дана жұмыртқа бар. Мұның бәрі азық-түлік бағасын тұрақты ұстап тұру үшін жасалған қам,-дейді Ғ.Нұрмұхамбетов.




Әлібек ЫБЫРАЙ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ