Талапкерлер үшін ақпарат

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережелеріндегі өзгерістерді түсіндіру мақсатында оқу орнының басшылығы бас қосып, толық ақпарат беріп, арнайы брифинг өткізді. Брифингте университеттерге қабылдаудың үлгі ережесіне енгізілген өзгерістер мен ҰБТ тапсыру форматы жайында әңгімеледі.
Биыл ҰБТ тапсыру форматы өзгерді. Ешқандай олқылықтар орын алмас үшін тестілеу электронды форматта, «бір қатысушы – бір компьютер – бір камера» қағидасы бойынша өткізілетін болады. Облыс бойынша тестілеу үш пунктте өтеді. Грант ұтып алу үшін талапкерлер ҰБТ-ны екі рет тапсыра алады. Тағы бір өзгеріс – мектеп түлектері емтихан тапсыратын күнді, уақытты өздері таңдап, бейіндік пәнін өзгерте алатын болды. Осы жылдан бастап колледж түлектері грантқа түсу үшін бейіндік екі пән бойынша ҰБТ тапсырады. Мерзімі 15 сәуір мен 30 маусым аралығы. Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдау 1 маусым мен 15 шілде аралығында өтеді. КТ магистратураға 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді.
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің бірінші проректордың м.а Арман Исмаилов оқу орнында құжаттарды тапсыру уақытын атап өтті. Қазіргі уақытта оқу орны 79 бағыт бойынша магистранттарды әзірлейді.
– Осы жылы докторантураға түсу процедурасында өзгерістер бар. Қабылдау емтиханы электронды форматта өтеді. Үміткерлерге компьютерде эссе жазу, докторантурада оқуға дайындық тестін және білім беру бағдарламасының бейіні бойынша емтихандар тапсыру қажет. Түсу емтиханының қорытынды бағасы эссені бағалау, докторантурада оқуға дайындық тесті және бейінді емтихандардың нәтижелерін жинақтау арқылы алынған балдардың жиынтығына байланысты болады, – деп атап өтті ол.
Докторантураға өтініштер 3 шілдеден 3 тамызға дейін қабылданады. Докторантураға түсу үшін қабылдау емтихандары 4-20 тамыз аралығында өтеді. Докторантураға және магистратураға қабылдау 28 тамызда аяқталады.
Сонымен қатар, оқу орны ұйымдастырған брифинг барысында ректор биылғы оқу жылынан бастап педагогикалық мамандықтағы студенттердің шәкіртақысы, оқытушылардың жалақысы өсетінін атап өтті. Ал өту ұпайларына келетін болсақ, биыл педагогикалық бағыттар бойынша өзгерістер енгізілді: өткен жылы 70 балл болды, бұл 75-ке жетті. Ауыл шаруашылығы бағыты бойынша Ветеринария үшін өту жолы 65 балл, қалған мамандықтар бойынша – 50 балл болып қалады.
– Бұл баллдар ел бойынша анықталып, бекітілген. Университет бақылау талаптарының қосымша нысандарын енгізбейді. Ал педагогикалық білім беру мамандарына талап күшейді, ондағы мақсат болашақ педагогтер қай жағынан да білімді әрі өз ісіне мығым болуы тиісті. Келер оқу жылынан бастап оқу орны оқытушыларының жалақысы да өсетін болады, – деп түсіндірді оқу орнының ректоры Алма Дощанова.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓