Жаркөлде жаңа вокзал

Федоров ауданына қарасты «Жаркөл» станциясында жаңа темір жол вокзалы пайдалануға берілді.
 img_9001_1200Мемлекеттік «100 вокзал» бағдарламасы аясында салынған су жаңа ғимарат заманның барлық талаптарына сай келеді. Мұнда вокзалалды алаң, пандус, перрон мен жылы да жайлы күту залы қарастырылған. Жақын арада анықтамалар үшін арнайы телефон да іске қосылмақ. Аудан орталығының сәулетіне сән қосқан жаңа вокзалды тамашалаған тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Сервисі сын көтермеген ескі бекет болса апаттық жағдайға байланысты өз жұмысын тоқтатқан еді.
 
Қуаныш Сейдоллаұлы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓