Әр салада өсім бар

Бүгін облыс әкімі А.Мұхамбетов қалалар мен аудандардың әкімдерімен селекторлық кеңес өткізіп, 2021 жылдың І тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары баяндалды.
Облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлбарам Мұсағазина өңірдің 1-тоқсандағы даму қарқыны табысты екенін мәлімдеді.
"Жыл басынан бері өнеркәсіп орындары 489,5  млрд теңгенің өнімін өндірген. Оның ішінде қайта өңдеу секторына тиесілісі – 222,2 млрд теңге. Ал ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 37,9  млрд теңгеге шақ келді. Облыс экономикасына 71,4 млрд теңге инвестиция тартылған. Транспорт және жинақтау қызметіне құйылатын инвестиция 4,3 есеге, сауда-саттық – 2,9, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету – 2,7, ауыл шаруашылығы 1,5 есеге көбейді", – деп ақпарат берді Г.Мұсағазина.
Басқарма басшысының айтуынша, биыл қаңтар-наурыз айлары аралығында құрылыс индустриясының өсімі 19,8%-ға өсіп, 15,3 млрд теңге сомаға жеткен. Осы мерзім аралығында 102,0 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліпті.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓