Балдырғандарға – 2 млн теңге

31 желтоқсанда облыс әкімі Архимед Мұхамбетов отбасылық типтегі "Жанұя" балалар үйіне 2 млн теңгенің сертификатын тапсырды. Бұл қаржыға тәрбиеленушілерге арналып компьютерлік техникалар сатып алынбақ. Бұл туралы "Алау.кз" порталы жазды.akim-zhanuja-640x360
Облыс әкімдігінен меймандарға арнап, балдырғандар ерекше концерт дайындаған. Өнерлері билік өкілдерінің қошеметіне бөленді. Жалпы, бұл үйді интернат деп айтуға келмейді. Мұндағы пәтерлерде балалар аналарымен бірге тұрады. Нысанның 7 пәтерін қоныстанып жатқан балалы аналарға облыс әкімі құр қол келген жоқ. 2 млн теңгенің сертификаты мен тәтті сыйлықтар әкелді.
Тәрбиешілер бұл қомақты қаржының қайда жұмсалатынын да жоспарлап қойыпты. Әр пәтерге компьютер, принтер, сканер сынды заманауи құрылғылар сатып алынбақшы.
Айта кету керек, биыл бұл мекемеден 7 баланың асыраушысы табылып, жаңа отбасын тапқан. Мұнда 45 бала тәрбиеленіп жатыр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓