НЗМ: “Уикипедия” жобасының құрылтайы өтті

Конференцияның ұйымдастырушылары Қостанай қаласындағы НЗМ-ің "Уикипедия" клубының мүшелері Батырханов Жандос және клубтың жаңа басшысы Дидарқызы Аружан.
Сонымен қоса, жиынға Зияткерлік мектептерінен Ақтау қаласынан Ниялова Гүлфайруз, Талдықорған қаласынан Айдынқызы Ақнар мен Балкашева Адэля, Тараз қаласынан Әбдіраш Шәмші, Шымкент қаласынан Адилбай Қасиет атты Уикипедия көшбасшылары спикер рөлінде, ал басқа мектептерден оқушылар мен мұғалімдер көрермен ретінде қатысты.
Жиынның басында Уикипедия энциклопедиясының қазақ бөлімі туралы ақпарат және аталмыш жобаның Зияткерлік мектептерге енгізілудің мақсаттары айтылды. Уикипедияда мақала жазу ісінің оқушыларға қосымша білім алуға, функционалды сауаттылықты және тілдік дағдыларды жетілдіруге көмектесетіні де айтылды. Кейін конференция спикерлері өздерінің Уикипедиядан клубтарын жүргізу форматын, жоба бойынша жағдайларын, жеткен жетістіктерін, оқушыларға ұсынатын марапаттарын және қолданатын әдістемелік құралдарын таныстырып, тәжірибе алмасты. Қостанайдағы мектеп тарапынан барлық уикипедияшыларға арнайы "Уикиоқулық" әдістемелік құралы сыйланды. Сонымен қатар кездесудің нәтижесінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің «Уикипедия» Клубтарының Федерациясы құрылып, болашақта өткізілетін іс-шаралар, жобаны дамыту бойынша ұсынстар талқыланды.
– Берілген жаңа ұйым "Уикипедия" жобасынан мектеп клубтары арасындағы қарым-қатынасты орнатып, тәжірибе алмасу алаңын беріп, жобаның дамуын жаңа деңгейге шығарады деп үміттенеміз – деді конференция жүргізушісі Батырханов Жандос.
Қазір клуб координаторларының тәжірибесі мен ұсыныстарынан Wiki Camp (оқушылардың жиналып, бір уақытта мақала жазуы бойынша іс-шара), "Жыл Уикипедияшысы" номинациясы және де "Туған елге тағызымға" баратын шаңырақты тандау кезінде "Уикипедия" жобасынан белсенділікті ескеру мен т.б. атап өтуге болады. Келесі уикиконференцияның күні белгіленіп, сол жиында Федерацияның миссиясы, мақсаттары, жұмыстың ары қарай ұйымдастырылу ережелері нақты айқындалатын болады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓