“МЕКТЕПКЕ ЖОЛ” – қайырымдылық бастауы
Қыркүйек айының соңына дейін жалғасатын республикалық "Мектепке жол" акциясы Науырзым ауданында да белсенді түрде өтуде.
Шара барысында атқарылып жатқан игілікті істер көңіл қуантарлық. Акция аясында аз қам-тылған отбасыларға қолдау көрсетіліп, оқушыларға мектепке қажетті заттар алынуда. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: "Бүгінгі таңдағы ауыртпашылықтар – біздің үлесімізге тиген алғашқы сынақ емес, барлық қазақстандықтардың өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-аухатын жақсарту аса маңызды міндет болып қала береді. Сондықтан қазақстандықтарды аталған іс-шараларды жүзеге асыруға, еңбексүй-гіштікке және қайсарлық танытуға, көмекке мұқтаж жандарға жәрдемдесуге және қамқорлық көрсетуге шақырамын" деп баса айтқан болатын. Акция аясында аудан әкімі бастаған, аудан жұртшылығының көмегімен ауданда 1 млн. 100 мың теңге көлемінде 110 оқушыға көмек көрсетілді.
Акция барысында тек материалдық көмек көрсетіліп қана қоймай, көпшілік жан жылуын сый-лауды да естен шығармады. Қайы-рымдылық жасау әр азаматтың парызы десек, жас ұрпақты ізгілікке тәрбиелеу әр ата-ана мен ұстаздардың ғана емес, баршаның міндеті.
Айтолқын
АЙҚАДАМОВА
Науырзым ауданы.
Суретте: акциядан көрініс.