Бір шаңырақ астында
2020 жылы атышулы Коронавирус біздің елді де жаулап алды. Зардап шеккендердің саны күн сайын өсіп, ауруханалар науқастарға лық толды. Індетпен күресу үшін жаңа инфекциялық ауруханалар салынды. Бұл емдеу орындары көп жанның үйіне айналды деуге болады. Сағат сайын науқастар ауыр халде түсті. Індеттің ілмегіне ілінгендерге жәрдемдесу үшін дәрігерлер мен мейірбекелер барын салып жатты. Барлығын бір аурухана мен індет байланыстырды. Бұл кезең көптеген адамға қиындық әкелді. Науқастар мен дәрігерлер ауруханадан шыға алмай, жақын туыстарымен көрісе алмады. Олар жалғыздықты сезінді. Уақыт өте, барлығы бір-біріне күш берді, бір отбасыға айналғандай еді. Дәрігерлер мен науқастар бір шаңырақ астында қиын кезеңді өтуге тырысты.
– Мен осы індетпен сәуір айында ауырдым. Жедел түрде пневмониямен ауруханаға түстім. Палатада көбі жасы үлкен кісілер еді. Бәрі ауыр халде болды, күн өткен сайын өзімнің де жағдайым төмендей бастады. Төсек тартып 1 ай жаттым. Жанымдағы адамдар дем беріп, бір-бірімізге сүйеу болуға тырыстық. Бір-бірімізге қолдау көрсет-тік, қуанышты да, қайғыны да бірдей бөлістік, – дейді қиын кезеңді басынан өткерген Айгүл Бейсенова.
28 жылдан бері үсті-нен ақ халатын тастамаған Сәуле Айтпаева мұндай қиындықты бұрын-соңды көрмегендігін айтады.
– Індет бәрімізге күтпеген жерден соққы берді. 28 жыл жұмыс істеп, мұндай сұмдықты бірінші рет көруім. Шын мәнінде өте қиын болды. Аурухана үйімізге айналды. Барлық уақытымызды нау-қастарға бөлдік. Біз ем беріп, оған қоса адамдармен сөйлесуге, оларға қолдау көрсетуге тырыстық. Осылай жүргенімізге 10 ай болды. Дертке мән бермесек, әлі де жүруіміз ықтимал. Індетті саналы түрде, сақтық шараларын күшейту арқылы ғана жеңе аламыз. Халық осыны түсінсе екен, дейді дәрігер.
Сәния Ертаева.