COVID-19: +12

Қостанай облысында 2020 жылғы 19 мамырдағы мәлімет бойынша коронавирус инфекциясының 12 жағдайы анықталды.вирускаКоронавирус инфекциясына шалдыққан 12 пациенттің 6-ы – УК 161/3 қызметкерлері, олар бұрын анықталған науқастармен байланысқан. Яғни казармалық жағдайда болған. Науқастар инфекциялық стационарға жатқызылды.
Сондай-ақ COVID-19 облыс орталығының тұрғындары – 1967 жылғы ер адам мен 2002 жылғы жігіттен анықталды. Олар арантиндік стационарды болған.  
Сол күні коронавирус инфекциясы 2000 жылғы қыздан да анықталды, ол 4 мамырда Қостанайға Ресейден келген студенттер тобының ішінде болды. Провизорлық госпитальда жатты, елге оралғаннан кейін жақындарымен және туыстарымен қатынаспаған. 
Рудный қаласы және Қашар кентінде ПТР анализінің нәтижесі бойынша,  COVID-19 Ресей Федерациясынан келген 1983 жылғы және 1987 жылғы ер адамдарда расталды. 
COVID-19  Атырау облысынан келген  «Тенгизшевройл» кәсіпорынның қызметкерінен анықталды. Пациент бұған дейін ауырған науқаспен жақын байланысқан адам ретінде карантиндік стационарда болған.  
Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық, ем шаралары бекітілген хаттамаға сай жүргізіледі. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасады.
19 мамырдағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар  саны 110-ға жетті, олардың ішінде сауығып шыққаны – 50.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓