Қаулыға толықтырулар енгізілді
Қостанай облысында "Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы" қаулыға толықтырулар мен өзгертулер енгізілді. Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Ю.Севостьяновтың мәлімдемесін назарларыңызға ұсынамыз.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 9, 36, 104 және 107-баптарына, «Шектеу іс-шараларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекциямен аурулардың алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы № 43 қаулысына (бұдан әрі – ҚР БМСДҚ № 43) «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жұмсарту туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 03 шілдедегі № 48 Қаулысымен, Қостанай облысының тұрғындары арасында COVID-19 (бұдан әрі – COVID-19) коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері орынбасарының 2020 жылғы 16 тамыздағы № 46 «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1 тармақты 36-39 тармақшалар келесі мазмұнда толықтырылсын:
36) Қостанай облысы ХҚКО-лар жұмысы дүйсенбі-жұма күндері аралығында сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, Call орталықтарының жұмысы дүйсенбі-жұма күндері аралығында сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін белгілеу. Қостанай мамандандырылған орталығының жұмысы (құжаттарды қабылдау) сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін, дайын құжаттарды беру сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жүзеге асыру. Қостанай, Рудный және Тобыл қалалары ХҚКО-ның жұмысын ұйымдастыру қатаң түрде алдын ала брондау бойынша egov.kz электрондық үкімет порталы, телеграмм-бот EgovKZBBot 2.0 немесе байланыс орталығы 1414 арқылы жүргізуді ұйымдастыру;
37) Ұлттық құрамаларға, клуб командаларына спорттық жаттығуларға рұқсат беру (30 адамнан аспауы керек, байланыссыз термометрия, спорт базаларын мекендеулері тиіс);
38) «Қазпошта» АҚ жұмысын сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін шектеу және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, онлайн форматында жан-жақты қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
39) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес, қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне уақыты мен саны бойынша шектей отырып рұқсат беру.
2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өз міндетіме аламын.
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Ю. Севостьянов,
Қостанай облысының бас мемлекеттік
санитарлық дәрігердің орынбасары