Аурудың алдын алуға арналған онкүндік
Еліміздің денсаулық сақтау саласының басым бағыттарының бірі – онкологиялық аурулармен күрес болып табылады. Алдын алу шаралары – ғаламдық обыр індетін төмендетудің тиімді тәсілі. Бүгінгі таңда медицина аурудың алғашқы сатысында жетістікке жетуге мүмкіндік беретін обырдың алдын алу, диагностикалау мен емдеудің күшті әдістерін пайдалану міндеттеріне көшті. Қатерлі ісікті ерте анықтау мен алдын алудың аса тиімді әдістерінің бірі – халықты профилактикалық медициналық тексеруден өткізу.ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жыл сайын онкологиялық скрининг аясында республикада нысаналы топтағы ересек тұрғындарға 1,6 миллионға жуық скринингтік тексеру жүргізіледі.
Жыл сайын ақпанның 1-10 аралығында Қазақстанда онкологиялық аурулардың алдын алу мен ерте анықтау мақсатында «Біздің қолымыздан келеді! Менің қолымнан келеді!» ұранымен онкүндік өткізіледі. Шараны өткізудегі мақсат – жұртшылық назарын онкопатология ауыртпалығын төмендетудің ғаламдық мәселесіне аудару, тұрғындардың, медицина қызметкерлерінің онкологиялық ауруларды ерте анықтау және алдын алу туралы хабардар қылу, тұрғындарға скринингтік тексеруден уақтылы өту қажеттілігі туралы хабарлау.
Онкүндік аясында біздің денсаулық сақтау мекемесі онкологиялық сақтықты арттыратын, денсаулық күтімін үйрететін және өз денсаулығыңа жауапкершілікпен қарау жөнінде түрлі шараларды өткізуді жоспарлап отырмыз. Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күні мен онкологиялық аурулардың алдын алатын және ерте анықтайтын республикалық онкүндік күллі қоғамда онкологиялық ауруларды төмендетуге мүмкіндік бермек.
Гүлзада ҚАЗКЕНОВА,
Қостанай қалалық №3 емханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру маманы.