«Еріктілік – ізгіліктің белгісі»

Аманкелді ауданында құрылған Жастар ресурстық орталығы «Еріктілік – ізгіліктің белгісі» атты «Талқы-Like» пікірталас клубының IV отырысын өткізді.
– Аудандық жастар ресурстық орталығының бастамасымен былтыр «Талқы-Like» пікірталас клубы құрылған болатын. Мақсаты – қазіргі таңдағы өзекті, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді талқылау арқылы жастардың белсенділігі мен азаматтық ұстанымын арттыруға көмектесу, жастардың көпшілік алдында еркін сөз саптау мәдениетін қалыптастыру, аға буын өкілдері салған сара жолды насихаттау, сыни тұрғыда, сонымен қатар логикалық ойлауын дамыту. Клуб отырысы алдағы уақыттарда тұрақты түрде өткізіліп отыратын болады. Іс-шараға ауданның құрметті азаматтары, өз саласының мамандары, ардагерлер арнайы шақырылып, түрлі тақырыптарда ой өрбітіп, пікір алмасатын боламыз, – дейді орталық жетекшісі Бекболат Көптілеуов.
Отырысқа ауданның белсенді жастары, «Қайырымды жұма» қорының жеткешісі Айдана Төкешова, ішкі саясат бөлімінің теолог маманы Жандарбек Әмірхамзин қатысты. Отырыс барысында «Бәріміз бірге» еріктілер ұйымының жетекшісі Айдана Қайыржанова атқарылған жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар пікірталас барысында еріктілер қызметін дамыту үшін қандай жұмыстар жасалу керектігі талқыланды. Пікірталас барысында түрлі мәселелер қамтылды. Жастар да өздерінің пікірлерін білдіріп, түрлі сұрақтар қойылды. Жиналғанда жастарды ерікті болуға шақырды. Жастардың басын біріктіруші берекелі орта Жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған "Бәріміз бірге" еріктілер ұйымы талай іске бастамашы болды. Жастар жақсылық істеп жарысып келеді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓