Коммуналдық төлем орталығы қолданысқа берілді
Қостанайда Коммуналдық қызмет көрсету орталығы ашылды. Енді тұрғындар қаладағы үш коммуналдық кәсіпорынның – «Қостанай Су», «КТЭК» МҚК және «Тазалық-2012» қызмет ақысын бір орталықта төлейтін болады.Қала әкімі Базыл Жақыпов ашылу салтанатында атап өткендей, жаңа орталықтың ғимаратын әкімдік бөлген, сәйкесінше коммуналдық кәсіпорындар жалға алу ақшасын төлемейтін болады
Орталық демалыссыз жұмыс істейді. Мұнда тек коммуналдық қызмет ақысын төлеп қоймай, тұрғын үй жәрдемақысы бойынша анықтама алып, келісімшартты қайта жасауға және т.б. мүмкіндіктер бар.