Газет және оқырман

Өңірдегі үш бірдей басылым – облыстық «Қостанай таңы», өңірлік «Костанайские новости» және «Костанай-агро» газеттерінің Бас редакторлары Қостанай ауданындағы оқырмандармен кездесті. Баспасөзге жазылудың кезекті  маусымы басталғалы бері жер-жерде осындай іс-шаралар өтіп жатыр.  Бұл – жылдағы қалыптасқан дәстүр.IMG_4395
         
IMG_4225
IMG_4257IMG_4214Затоболдағы «Алтын дән» Мәдениет үйіне екі жүздің сыртында адам жиналды. Олардың дені біздің газетіміздің байырғы оқырмандары. Тізгінді Затобол поштасының бастығы Жәнібек Тәлтеков ұстады. Ол жиналғандарға қонақтарды таныстырған соң, әуелгі сөзді «Қостанай таңы» газеті ЖШС директоры – Бас редактор Жанұзақ Аязбекұлына ұсынды.IMG_4286
        -Жылдан-жылға бұқаралық ақпарат құралдарынан көтеріп келе жатқан жүгі ауырлай түсті. Қазіргідей алмағайып заманда, техногендік заманда оқу, жазу, көру әрбір азаматтың күнделікті дағдысына айналды. Ендеше, еліміз үшін, біздің өңіріміз үшін ұлтымыздың ішкі бірлігін, тұтастығын нығайту жолындағы істе Сіздер мен біздің атқарып отырған жұмыс өте ауқымды. Айтайын дегенім, біздің газет төңірегінде. «Қостанай таңының» құрылғанына биыл 95 жыл толды. Бұл аз уақыт емес. Ана тілінде жарық көріп келе жатқан басылымның басында өздеріңіз білетін Бейімбет Майлин мен Мұхамеджан Сералин тұрды. Сондағы қойылған мақсат – қазақтың тілін, дәстүрін ілгері дамыту, халқымыздың болмысын жоғалтпау. Байыптап қарасақ, тоқсан бес жыл бұрын қойылған сол міндет әлі күнге маңызын жойған жоқ,-деді Жанұзақ Аязбекұлы. – Қазіргі уақытта қағазға басылған ақпараттардың қоғамдағы рөлі зор. Редакцияға түсіп жатқан көптеген хаттарға сүйенсек, облыстағы оқырмандарымыздың дені біздің газетте жазылған ақпараттарға сенеді екен. Газетте жарияланған материалдарды сенімді, орнықты деп қабылдайды. Бұл біз үшін үлкен нәтиже…IMG_4239
 
IMG_4298
IMG_4282
 
IMG_4257
        Басылым басшысы ұлтымызға тән бірқатар проблемаларды атап көрсетті. Осы олқылықтардың орнын толтыруда қарашаңырақ – «Қостанай таңы» газетінің түрлі жаңа жобаларды жүзеге асырып жатқандығын, ең бастысы оқырманмен тығыз байланыс орнату басылымның беделін арттыратындығына баса назар аударды. Рас, біздің қазақ газетке жазылуға самарқау қарайды. Мәселен, Қостанай ауданы – облыстағы халық ең көп шоғырланған өңір . Мұнда 22 мыңнан астам қандасымыз тұрады. Соның тек 500-дейі ғана «Қостанай таңына» жазылады екен. Бас редактор өз сөзінде облыстағы ата басылым халықтың қолдауына сүйенетіндігін айтты.IMG_4255
 
IMG_4389Марат Сартов, Қостанай аудандық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы:
       -Мен «Қостанай таңын» он бес жылдан бері жаздырып аламын. Соңғы кездері газеттің сапасы едәуір артты. Түрлі-түсті болып шығып жүр. Оның үстіне жұма күнгі санының беттері көбейді. Мазмұны жағынан анағұрлым жақсарды.  Газет оқитын адам өзіне қажетті оңай тауып аларына кәміл сенемін. Неге десеңіз, онда ұлттық тарихымызға қатысты, мәдени, саяси тақырыптарды қамтыған өзекті мақалаларды оқуға болады.    
        Жалпы, облыстық газетте  оқырмандарға ой саларлық, алуан түрлі  пікір тудыратын материалдар жетерлік. Алдағы уақытта да күнделікті тіршілікті, халықтың ой-толғамдарын өзек еткен актуальды мақалалар жиі жарияланып тұрса деген тілегім бар. Оқырмандарыңыз көбейе берсін!
 
IMG_4391Ұлжан Мұхамбетова, Затоболдағы №2-орта мектептің мұғалімі:
       -Мен газеттің тұрақты оқырманымын. Көптен бері жазыламын. «Қостанай таңы» несімен ұнайды дегенде, ең әуелі оның «Қостанай ақшамы» беттерін айтар едім. Әсіресе,  қосымшадағы  тілімізге, ұлттық салт-дәстүрлерімізге қатысты  материалдар көңілден шығады. Қызықты әңгімелер,  танымал ақындардың өлең-жырлары жарияланады. Жергілікті авторлардың да шығармалары жиі жарық көріп жүр.
Бұрын білмегенімізді осы газет беттерінен тауып аламыз. Газеттің қоғамдағы орнын теледидар да, радио да, интернет те толықтыра алмайды. Облыстық газетті оқымасақ, бір нәрсе жетіспегендей болады да тұрады. Газет тілшілеріне шығармашылық табыс тілеймін! Ал жерлестерімді «Қостанай таңына» жазылуға алуға шақырамын.
 
 
Әлібек ЫБЫРАЙ
Суреттерді түсірген Бағдат ТӨЛЕБАЙ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓