Қоғамдық тыңдау өтті

«Қостанай облысының үкіметтік емес ұйымдардың облыстық ресурстық орталығының қызметін ұйымдастыру» жобасы аясында қоғамдық тыңдау өтті. Қостанай облысының ҮЕҰ ресурстық орталығында өткен қоғамдық тыңдауға облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Абылайхан Кәкенов, Қостанай облысының «ГрИН» азаматтық альянсы жетекшісі Динара Өтебаева қатысты.
Басқосуда дәстүрлі түрде «әлеуметтік идеялар жәрмеңкесі» өтетінін және жақсы жобалар қаржыландырылатыны айтылып, атқарылған жұмыстары қорытындыланды. Енді «Қостанай облысының Азаматтық альянсы» қоғамдық қоры ресми түрде «Қостанай облысының ҮЕҰ облыстық ресурстық орталығының қызметін ұйымдастыру» жобасын қолға алмақ. Алда түрлі тақырыпта дәстүрлі семинарлар, әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкелері, конкурстар ұйымдастырылатын болады. Ұйымдастырушылар тың идея, жаңа жоба жұмысымызды одан әрі кеңейтетін болады, дейді.
Қостанай облысының ресурстық орталығы жаңа серпін алды. Әлеуметтік жобаларды қолдау, жаңа үкіметтік емес ұйымдар ашу, оқу, тренингтер – мұның барлығы адамдармен, тәлімгерлермен, еріктілермен тығыз байланыс орнату. Ең бастысы – тәжірибе, команда құру мүмкіндігі, азаматтық қоғамды қолдауға деген ұмтылыс. Бәрі адамның өзіне байланысты, егер оны қолдаған командасы болса. Бұрынғы ҮЕҰ деген болмайды. Сенің күш-қуатың идеялар мен шабытқа толы. Мені жұмысшы жастар мәселесі, оларға қалай қолдау көрсету, олардың шығармашылық және кәсіби әлеуетін қалай көрсету керектігі толғандырады. Кәсіби күш-жігеріңізді шыңдау үшін не істеуге болады? Сондай-ақ, мені жастар парламентаризмінің көшбасшылары толғандырады. Жас азаматтардың ел өміріне қатысуы үшін қоғамдық институттарын құруды қалай үйрету керек. Қолға алынғалы отырған жоба түрлі пікірталас, тың жобалар, жаңа идеялар алаңын құруға серпін береді, – дейді «Жастар орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Е.Венгерский.
Барлық жаңалықтарды @Rcnpokostanay сілтемесінен қадағалауға және хабардар болуға болады.
Айта кету керек, Қостанай облысында үкіметтік емес секторға қолдау күшейіп келеді. Қазіргі таңда аймақта 951 ҮЕҰ тіркелген. Олардың 82,2%-ы тұрақты жұмыс істеп тұр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓