Әділдік салтанат құрды

Облыстық сот салық төлеушілер мен тасымалдаушы компания арасындағы "билетсіз жүргендер туралы" даудамайда екінші тараптың жағына шықты. Бұл шешімнен соң "Рудныйавтотранс" ЖШС компаниясы 8 млн теңгеден астам қаражат үнемдеді. Оны облыстық кірістер департаменті "кассадан тыс алған пайдасы" үшін кәсіп-орыннан өндіріп алуға тырысқан. Бірінші сатыдағы сот салықшылардың пайдасына аяқталған еді. Бірақ, облыстық сот әділдікті жақтап шықты.
Дау-дамай өткен жылы салықтық тексеруден кейін туындады. Мемлекеттік орган кәсіпорынның 2017 және 2018 жылдардағы есеп-қисабын ҚР ҰҚК Шекара қызметінің "Бүр-кіт" ақпараттық жүйесінің деректерімен салыстырды. Тасымалдаушы автобустарда шекарадан өткен адамдардың саны билеттері бар жолаушылар са-нынан әлдеқайда көп болып шыққан. Айырмасы – 16 000-нан астам адам. Сол үшін кірістер департаменті "Рудныйавтотранс" ЖШС-іне салық салған.
Фирма басшылығы, компания сатылған билеттердің санына сәйкес қана пайда табатындығын түсіндіруге тырысты. Сонымен қатар, қосымша салықты есептеу кезінде көрсетілетін жеңілдіктер, автовокзалдың қызметі үшін ұсталатын комиссия ескерілмеген. Амалы құрыған ЖШС директоры облыстық кәсіпкерлер палатасына жүгінді. Ал палата заңгерлері сотта бизнестің мүддесін қорғады.
"Біз "Бүркіт" АЖ-нің деректері салық есептеу үшін негіз бола алмайды әрі серіктестіктің салық заңнамасының нормаларын бұзғанын білдірмейді деп есептейміз. Себебі, олар салықтық тексеру барысында алынбаған. Салық органдарының тұжырымдары ҚР СК 637-бабының ережелеріне сәйкес келмейді. ҰҚК органдары берген мәліметтерді ешкім тексермеген, зерттемеген. Онда ешқандай заң бұзылды деген дәлел жоқ, тек болжам ғана. Сондай-ақ, департамент жолаушылар-ға көрсетілетін жеңілдіктер мен тарифтерді дұрыс есептемеген. Салық органдарының іс-әрекеттері салық салу қағидаттарына тікелей қайшы келеді", – дейді облыстық кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Жібек Сейітова.
ӨКП заңгерлері осы дәлелдердің барлығын "Рудныйавтотранс" ЖШС апелляциялық шағымына тіркеді. Барлық тараптарды тыңдап, құжаттарды әбден зерделеп шыққан облыстық сот салықты қо-сымша есептеу туралы хабарламаны алып тастау туралы қаулы шығарды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓