Сотталушыны заңсыз босатқан
Қостанай облысында сотталушыны заңсыз түрде босатқан полиция қызметінің басшысы мен тағы үш қызметкер жазаланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға Жітіқара ауданында болған. Жазаны өтеуден заңсыз босату әрекетін Жітіқара ауданының прокуратурасы тоқтата алған.
Оқиға Жітіқара ауданында болған. Жазаны өтеуден заңсыз босату әрекетін Жітіқара ауданының прокуратурасы тоқтата алған.
"2017 жылдың 9 қаңтардан 10 қаңтарға қараған түнінде аумақтық жергілікті ІІБ полиция қызметінің басшысы бұрын әкелінген тұлғаны әкімшілік қамауға алынған айыпталушылар камерасынан заңсыз шығарып, оған ішкі істер бөлімінен кетуіне көмек көрсеткен", – деді баспасөз қызметіндегілер.
Сондай-ақ, ведомство мәліметінше, енгізілген қадағалау актісі бойынша жергілікті полиция қызметінің басшысы және заңнама бұзушылықтарына жол берген оның үш полиция қызметкерлері тәртіптік деңгейде жазаға тартылды.
























