100 мың теңге – жала жапқаны үшін

Азаматша Т-ның өзгеге жапқан жалған жаласы өз басына соққы болып тиді. Ол құқыққорғау органдарына М. есімді әйел сыртынан шағым түсірген. Арызда заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан тұлғаның үстінен қылмыстық іс қозғау ұсыныс етіліпті. Ақыр аяғында оның жарға итеріп отырған кісі арқасында арам табыс көріп келгені мәлім болды.Сатушы 6 жылға сотталды
Сондай-ақ ол кәсіпкерлікті жүзеге асырудың заңдылығын тексеру дерегіне сай «Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Басқармасы» ММ-не шағым жолдаған. Сол арқылы азаматша М-ға жала жапқан. Кесірінен зардап шегуші облыс орталығынан тыс жерге шығу мүмкіндігінен айырылып, бірнеше рет жауапқа тартылып, адвокат жалдауына тура келіпті. Прокуратураға да сан мәрте шақыртылған.  
Өзінің аяқ асты етілген құқығын, ар-абыройын арашаламаққа, азаматша М. Қостанай қалалық сотына жүгінді. Шағымы арқылы жалақордың айыбын жууын талап етіп, моральдық және материалдық залалдың орнын толтыруын сұраған.
Сот талқылауы қорытындысында зардап шегуші пайдасына шешім шығарылды. Жала жабушы қасақана қылмысының орнын 100 мың теңге төлеп толтыруы тиіс.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
 
Жандос Жүсіпбек

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓