Гуманитарлық көмек жеткілікті жиналды

Әулиекөл ауданына елдің әр түкпірінен гуманитарлық көмек толассыз келіп жатыр. Қазір жапа шеккендерді қамтамасыз етерліктей ас-су, киім-кешек қоры жиналған.Әулиекөл ауданы мәслихатының хатшысы Дәулет Қойшыбай келіп түскен гуманитарлық көмек жөнінде толық ақпарат берді.
«Бүгінге дейін 500 тоннадан өнім жеткізілді. Ауданға ел көлемінен ұзын саны 302 көлік келді. Атап айтқанда, 279 газел, 15 фура, 2 камаз және жеңіл көліктер. Жиналған өнімдер жапа шеккен тұрғындарды қамтамасыз етуге жеткілікті. Бүкіл Қазақстан халқына шексіз алғысымызды айтамыз», – дейді ол.
Ол елден азық-түлік жіберуді тоқтата тұруды сұрады. Енді, тұрғын үй салу жұмыстарының басталуына байланысты, құрылыс материалдарына деген қажеттілік бар.
«Павлодар облысы алғашқы болып 2 фура құрылыс материалдарын жіберді. Басқа да өңірлер көмек қолын созуға ниет білдіріп отыр, – дейді Д.Қойшыбай. – Тағы бір айта кетерлігі, қаржылай жәрдемдескісі келетін азаматтарға бізде бір ғана есепшот бар екенін ескертеміз. Жекелеген адамдарға көмектескілеріңіз келсе, тұрғындардың өздерімен байланысуларыңызға болады. Оларға ас-су, киім-кешек, көрпе-төсек қана емес, шкаф, кереует секілді тұрмыстық техникалар да қажет».
Мәслихат хатшысы зардап шекккен адамдардың құжаттары да қалыпқа келтіріліп жатқанын айтты. Еріктілер де күн сайын артып, бірлікті іске білек сыбанып кірісіп кеткен.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓