Сыбайластарға жол жоқ

Енді ағымдағы жылдың басынан бастап күшіне енген Еңбек кодексіне енгізілген түзетулермен сыбайлас жемқорлық үшін сотталған адамдарды квазимемлекеттік сектордың кез келген лауазымына қабылдауға толық тыйым салынды. Бұл туралы арнайы брифингте Қостанай облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Қуаныш Бекбасов хабарлады.
– Басқаша айтқанда, бұрын-соңды сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған адам енді мемлекеттік қызметте де, квазимемлекеттік секторда да, тіпті қатардағы лауазымда жұмыс істей алмайды. Ал мұндай тұлғаларды жұмысқа қабылдаған басшылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады, – деді Қуаныш Бекбасов. – Екінші құрамға келетін болсақ, бұл жерде мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өздеріне заңнамада жүктелген функциялардан тыс кәсіпкерлік қызметпен айналысуы немесе белгіленген қаржыландыру көздерінен басқа материалдық игіліктер мен артықшылықтарды қабылдауы үшін жауапкершілік қарастырылған. Мұндай заңсыз әрекеттер үшін осы ұйымдардың басшыларына айыппұл салу қарастырылған 600 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (1,8 млн теңге).

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓