Жаңа тағайындау

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2014 жылғы 24 шілдедегі бұйрығымен Батырбеков Оразбек Көшербайұлы Қостанай облысы бойынша ветеринарлық бақылау және қадағалау Комитеті басшысы болып тағайындалды.
Батырбеков Оразбек Көшербайұлы 1962 жылдың 5 наурызында Қостанай облысы Семиозер ауданының Чернигов кентінде туған. 1995 жылы Урал мемлекеттік ветеринарлық медицина институтын тәмамдаған. Биология ғылымдарының кандидаты.
1985-1993 жылдары Қостанай ауданының Щербаков атындағы кеңшарында, одан кейін Семиозер ауданының Шөптікөл кеңшарында мал дәрігері, 1993-1997 жылдары Семиозер ауданы Қазанбасы кеңшарында бас мал дәрігері болып істеді. 1997-2000 жылдар аралығында ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің Қостанай облысы бойынша ветеринария Комитетінің жетекші және бас маманы лауазымдарында істеді. 2000 жылдан бастап осы уақытқа дейін ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы бастығының орынбасары міндетін атқарды.
 
* * *
 
ҚР республикалық ветеринарлық зертхана директорының 2014 жылғы 23 маусымдағы бұйрығымен Иманбаев Төлеген Қасымханұлы "Республикалық мемлекеттік ветеринарлық зертхана" РМК Қостанай облыстық филиалының директоры болып тағайындалды.
Иманбаев Төлеген Қасымханұлы 1972 жылы 7 сәуірде Қостанай облысы Науырзым ауданының Докучаев кентінде туған. Үш жоғары білімі бар. 1997 жылы Қостанай ауылшаруашылық институтын, 2001 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін, 2009 жылы Қазақстан-Ресей университетін бітірген.
Еңбек жолын Науырзым ауданының Көктал кеңшарында мал дәрігері болып бастады. 1991-1995 жылдары "Гауһар" ЖШС директорының орынбасары, 1997-2001 жылдары Қостанай ветеринарлық стансасында, одан соң облыстық ветеринарлық зертханада ветеринарлық дәрігер болып істеді. 2001-2004 жылдар аралығында бас мемлекеттік ветеринарлық инспектор лауазымын атқарды. 2004-2011 жылдары ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Қостанай қалалық аумақтық инспекциясы бастығы,  2012 жылдан бастап осы уақытқа дейін ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің Қостанай облысы бойынша ветеринарлық бақылау және қадағалау Комитеті басшысы міндетін атқарды.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓