Жаңа қаулы шықты
Қостанай облысында халықты covid-19 індетіне қарсы жаппай вакциналаудың басталғаны ресми түрде жарияланды.
Бас санитар дәрігер созылмалы аурулары бар адамдарды, студенттерді, 65 жастан асқан адамдарды иммундаумен қамтуды тапсырды.
Ермұханбет Дәулетбаев жаңа қаулыға қол қойды, соған сәйкес өңірде жаппай вакцинация басталады. Өңірге мол көлемде екпе дозасы жеткізілген.
12 сәуірден бастап облыстың әрбір тұрғыны тіркелген жері бойынша емханасына қоңырау шалып, вакцина салдыруға кезекке тұра алады. Сондай-ақ өтінімді egov.kz порталы арқылы, «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Вакцинация» тармақшасында беруге болады.
Бірінші кезектегі санаттардан басқа (дәрігерлер, полицейлер, педагогтар) студенттер, 65 жастан асқан адамдар, ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын созылмалы аурулары (қант диабеті, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, жүрек-қантамыр жүйесі) бар азаматтар (тергеудегілер, айыпталушылар, сотталғандар), сондай-ақ түрлі мекемелердің, өндірістердің және құрылымдардың қызметкерлері вакцинациямен қамтылады.