Қостанайлық энергетиктер беделді марапаттарға ие болды
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика саласында жемісті еңбек еткен қостанайлық мамандарды марапаттау туралы Қаулыға қол қойды.
Атап айтқанда, Энергетика саласындағы жемісті еңбегі және елеулі жетістіктері үшін III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен "Лисаковқалакоммунэнерго" өндірістік-шаруашылық бірлестігінің ауысым шебері Мария Бондаревская, "Ерен еңбегі үшін" медалімен аталған бірлестіктің қазандық операторы Юрий Уваренко марапатталды.
"Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", – делінеді Президент Қаулысында.