“Қару сатып алу” акциясы

20 сәуірден бастап облыс аумағында полиция қызметкерлері ішкі істер органдарында тіркелмеген атыс қаруын (ойық, тегіс ұңғылы және травматикалық), оқдәрілер мен жарылғыш заттарды халықтан сатып алу бойынша акцияны бастайды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлайды. Атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды қабылдау ішкі істер органдарының әрбір аумақтық бөлімшесінде жүргізілетін болады.
"Бұл ретте тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар қыл-мыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Ерікті түрде тапсырған әр қаруға мемлекет есебінен 10-нан 100 айлық есептік көрсеткішке дейін сыйақы тағайындалады. Қаруды тапсырған кезде азаматтың жеке куәлігі және банк шотынан үзінді көшірмесі болуы керек", – делінген хабарламада.
Полиция жүргізіліп жатқан акцияға халықтың қолдауы мен белсенді қатысуын сұрайды. Облыс орталығының азаматтары Қостанай қаласының полиция басқармасына хабарласу қажет, анықтама телефондары 52-68-37, 52-62-96.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓