Қарақшылықтан аман қалды

Қарақшылық шабуылдың құрбаны бола жаздаған рудныйлық әйел қылмыстың ізін кескен тәртіп сақшыларына алғыс білдіру хатын жазды. IMG_20190326_230248_614Жанармай құю бекетінің жұмысшысына қарақшылық шабуыл кешқұрым жасалған. Бейтаныс ер адам оны пышақпен қорқытып, кассадағы ақшаны тартып алғысы келген. Үрейлі әйел кассада ақша жоғын айтып ақталыпты. Бұдан кейін ер адам әйелдің өзінен ақша талап еткен. Ол қорыққанынан әмиянындағы қаражатының бәрін қолына ұстатады. Қылмыскер кейін бұрылып, белгісіз бағытқа қаша жөнеледі. Әйел дереу "102" нөміріне қоңырау шалып, болған жайды баяндап берген. Осы бекет маңында жол полициясы кезекшілікте жүргені абырой болды. Хабарлама алысымен, аға сержант Дамир Ибраев және старшина Александр Васильев іле оқиға болған жаққа аттанады. "Октябрдің 50 жылдығы" көшесімен келе жатып, әйел сипаттап бергендегідей күдікті ер адамды ұшырастырады. Қарсы беттен тағы екі полицей – сержант Болат Сәрсенбаев пен қатардағы жауынгер Ғалымжан Еренов келіп жетеді. Олар барлай келе 31 жастағы күдіктіні құрықтап, қылмыс орнына алып барады. Жәбірленуші әйел қылмыскерді бірден таныды.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓