Бар жақсылық балаға

"Шарк" тәжік-өзбек бірлестігі жуырда "Жүректен- жүрекке" деп аталатын қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Іс-шара аясында Қостанай қаласындағы отбасылық үлгідегі "Жанұя" ауылының балаларына дастархан жайып, киім-кешек әперді.
"Шарк" этно-мәдени бірлес-тігі он алты жылдан бері "Жанұя" ауылының ұл-қыздарын өз қамқорлығына алған. Тұрақты түрде балалардың жағдайларын біліп отырады. Жылына екі рет осындағы балаларға барып, көмек қолын созады. Бұл игі іс ұзақ жылдан бері әдемі дәстүрге айналған.
– Біздің белсенділер жылына екі рет балаларға жеміс-жидек, шырын және қажетті азық-түліктерін апарып береді. Осы жолы жаңадан киім дүкенінің ашылуына орай, он шақты ұл-қызға ұнаған киімдерін алып бердік. Көктем мезгіліне қажетті сырт киімдері мен аяқ киімдерін алдық. "Жанұядағы" балалар бізге бауыр басып қалды. Он алты жылдан бері тұрақты түрде көмек беріп келеміз. Кезінде бір жаста болған бала бүгінде он алтыға толды. Біз барсақ "Ата" деп алдымыздан жүгіріп шығады. Балаларға киім-кешектен бөлек, өзбек палауын дайындап бердік. Олар да бір дастархан басына жайғасып, мәз-мәйрам болды, – деді "Шарк" тәжік-өзбек бірлестігінің төрағасы Эргашвой Холметов.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓